Биыл ел экономикасы 4,9% өсті
Республикалық бюджеттің биылға жоспарланған шығындарының 91 млрд теңгесі әлі игерілмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрінің орынбасары Дәурен Темірбеков мәлімдеді. Негізгі себептері конкурстық рәсімдердің созылып кетуі, атқарылған жұмыс туралы есепті уақытылы тапсырмау және министрліктердің қайта жасақталуына байланысты туындаған.
Жалпы, 10 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 4,9 пайызға өскен. Салалар арасында ең жоғары өсуді: құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сонымен қатар көлік секторы көрсетті. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өсім қарқынын әлі де арттырып, жоспарланған жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы әрбір орта кәсіпорын бойынша өндірісті 2-3 есе кеңейту міндетін қойған. Жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер атамекен палатасымен бірлесіп, осы тапсырманы іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы қажет. Жыл соңына дейін 1,5 ай қалды. Экономиканың өсу траекториясын сақтай отырып, барлық нысаналы көрсеткіштерді қамтамасыз ету қажет.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17