Жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды
Сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.
Ведомства жаңа заң жобасын Мәжілісте таныстырды. Құжатқа сәйкес, енді компанияларды іріктеу кезінде жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріледі. Яғни, оларға қосымша 1 ұпай қосылады. Сондай-ақ, әлеуетті мердігерлердің материалдық жағдайы жан-жақты тексерілмек. Конкурсты жеңіп алғандардың қосалқы мердігер тартуына да бірқатар шектеу қойылмақ. Ал жоба жұмысының жартысын бас мердігердің өзі орындауы тиіс. Ең басты өзгеріс – конкурстық процедуралардың уақыты екі айдан 29 күнге дейін қысқарады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіруді тапсырған болатын.
Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Біз бір көзден сатып алуды азайту бойынша да жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізіп келеміз. Егер 2021 жылдың қорытындысына сай жалпы сатып алудың арасында олардың үлесі 40 процентке жуық болса, өткен жылдың есебі бойынша бұл көрсеткіш 25 процент болды. Ал биыл 10 айда 19 процентке төмендеді. Осылай біртіндеп қысқара береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экоакцияға атсалысқан жастар марапатталды
28.04.2026, 13:18
Маңғыстау облысында ерекше демалыс орны ашылды
28.04.2026, 13:15
Екі мың оқушы түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 13:13
Талдықорғандағы «Шын жүректен...» шарасы балаларды қуантты
28.04.2026, 13:10
БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды
28.04.2026, 13:07
Коул Алленге АҚШ президентін өлтірмек болды деген айып тақты
28.04.2026, 13:05
Павлодарда үлкен көлемде есірткі тәркіленді
28.04.2026, 13:03
«Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр
28.04.2026, 13:00