Басты Жаңалықтар БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды

БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды

Тұрғын үйді басқару ісінде тұрғындардың белсенділігі қажет. «Turġyndar amanaty» деп аталатын өңірлік форумда осы мәселеге жауапты пәтер иелері кооперативтерінің міндеттері талқыланды. «Amanat» партиясы ұйымдастырған семинарда көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздікті күшейту, тұрғындармен кері байланысты арттыру түйіткілдері жан-жақты сараланды. Оралда 2500-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй бар. Баспаналар 700-ден астам мүлік иелерінің бірлестігі мен кооперативі, 1429 бірлескен басқару ұйымына қарайды. Мәселе көп. Тұрғындардың шағымы да толастамайды. Енді басқару ұйымдарының жұмысын ширату үшін пилоттық жоба енгізіліп, фронт-офис ашылады. Қызметкерлер практикалық семинардан өтеді. Білім-білігін жетілдіреді. Айта кетейік, 16 шілдеге дейін барлық кооператив қайта тіркеліп, қызметкерлері сертификат алуы керек.

Мәди Оспанов, «Amanat» партиясының аппарат басшысы:
Біз бұл жобаны пилоттық режимде былтыр қарашада Астана қаласында іске қосқан болатынбыз. Фронт-офис тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу алаңына айналды.


Бөлісу