Басты Жаңалықтар «Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр

«Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр

Астанада құрылыс компаниясының басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншали үйқамаққа алынды. Тергеу мәліметінше, 2021–2024 жылдары «Nura Elite» жобасы аясында коттедждер мен таунхаустар салу жоспарланған. Алайда құрылыс толық аяқталмаған. Қазір үйлердің тек қаңқалары ғана тұр. Бұл жобаға сенген 56 адам алдын ала ақша төлеген. Жалпы жиналған қаражат 3,9 млрд теңге.

Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған. Мәселен жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған. Суюншали Мөлдір сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған. Соттың санкциясымен оған үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Тергеу жалғасуда.


Бөлісу