Францияның солтүстігін су басты
Францияда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Елдің солтүстігінде 100-ден астам елді мекеннің халқын көшіруге тура келген. Аймақты жағдайға толығырақ Арыстан Рысбек тоқталады.
Францияның солтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр осы аптада алапат тасқынға ұласты. Одан егістік алқаптары шайылып, талай мал қырылған. Әсіресе, Па-де-Кале аймағындағы жағдай қиын. Мұнда өзендер арнасынан тасып, үйлер суға кетіп, 100-ден астам елді мекеннің халқын көшіруге тура келген.
Гаетан Гуче, 32 жастағы фермер:
Бүгінгі жағдай бойынша біз бес күн бойы су тасқынына қатысты қызыл түсті ескерту режимінде өмір сүріп жатыр. Көп шығынға ұшырадық. Тауықтар қырылып қалды, тұқым бүлінді, құрал-жабдықтар жоғалды. Жағдай өте қиын».
Қазір Францияның теріскейіндегі қалалар мен ауылдардың көшелері өзен-көлдерді еске салады. Жолдар жабық, мектептер қызметін тоқтатқан және сан мың үй жарықсыз отыр. Көп адам көмекке мұқтаж.
Жан-Марк Джойез, тракторшы:
Біз күнде таңертеңгі сағат 6-да адамдарды жұбату үшін жолға шығамыз, қажет болса көмектесеміз. Бәрі жақсы болғанын қалаймыз. Соған көз жеткізбей үйге кетпейміз.
Француз үкіметі ондаған қаланы табиғи апат жағдайындағы елді мекендер деп жариялады. Мұндай шешім үйлері мен бизнесінен айрылған тұрғындар үшін шығындарды сақтандыру компаниялары арқылы қалпына келтіруді жеңілдету мақсатында қабылданған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19