Жұмыспен қамтылған халық саны 39 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыспен қамтылған халық саны 39 пайызға өсті

09.11.2023

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға қатысты кезекті жинақты шығарды. Онда қызмет салалары, адам жынысы мен жасы бойынша жұмыспен қамту деңгейі жөніндегі көрсеткіштер, сондай-ақ, 2009 жылғы санақпен салыстырғандағы динамикалық өзгерістер жазылған.

Нақтырақ айтқанда, 12 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 9 миллион 188 мың адамды құрап, 39%-ға өскен. Ал жұмыспен қамтылған халықтың 62,5% , яғни 5,7 миллион адам қалалық елдімекендерде. Оның ішінде әйелдердің саны 1,4 миллионды құраған. Жас тобы бойынша жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі 30-34 жас аралығында. Ал салалар бөлінісінде 15,3% адам ауыл шаруашылығы саласына жұмысқа орналасқан.

Жанар Ахметова, Ұттық статистика бюросы ұлттық санақтар басқармасының басшысы:

Санақ қорытындысы бойынша 2021 мен салыстырғанда едәуір өскендігін байқауға болады. Жоғарғы білімі бар азаматтардың жұмыспен қамтылу пайызы да өсті. Ол 27 пайыздан 31 пайызға жетіп отыр. 

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу