Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қатар екі газ өңдеу зауытын салады

Қазақстан мен Қатар екі газ өңдеу зауытын салады

Қатар компаниясы Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауытының құрылысына қатысып жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асу барысын Премьер-министр Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен талқылады. Қуаты 1 миллиард текше метр болатын алғашқы зауытты 2027 жылы, ал екіншісін 2030 жылы іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі екі кезеңмен салынады. Бірінші кезең 2027 жылы, екіншісі 2029 жылы аяқталмақ. Тараптар телекоммуникация саласындағы ынтымақтастықты да талқылады. Олжас Бектенов жобаларды уақытында аяқтау үшін жұмысты жандандыруды тапсырды.

Бөлісу