Ресейде бензин тапшылығы күшейді
Ресейде бензин тапшылығы күшейді. Жанармай дағдарысы барлық 85 өңірде тіркелді. Тіпті кей өңірде адам басына сатылатын бензиннің шекті көлемі бір жылға бекітілді. Үкімет бензин мен төменгі экологиялық сыныптағы дизельді тек Санкт-Петербург биржасы арқылы сатуға міндеттеуі мүмкін. Салдарынан жанармай құю станцияларына тек Еуро-5 бензині сатылуы ықтимал. Сонымен қатар, бензинді шетелге шығаруға 2027 жылдың қаңтар айының соңына дейін тыйым салынды.
Станислав Митрахович, энергетикалық қауіпсіздік қорының сарапшысы:
Басты себеп - Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл. Қанша кәсіпорын жұмысын тоқтатқаны туралы ашық ақпарат жоқ. Алайда кей деректерге сәйкес бірнеше ай бұрын зауыттардың 17 пайызы, тіпті қазір 90 пайызына дейін уақытша жұмысын тоқтатты деген ақпарат бар. Сонымен қатар мұнай өңдеу саласында салық өсті, бұл қымбатшылық пен дефицитке сеп болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы