Мемлекет басшысы Израиль президентімен кездесті
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің
7-саммитіне қатысу үшін Бакуге барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль
Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан – Израиль
қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық
және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша
ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Ицхак Герцог Қазақстанның
Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты
нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті. Сондай-ақ тараптар халықаралық
күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде
пікір алмасты. Президент шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия
құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты
берік ұстанатынын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы