Қызылорда облысында медициналық ұйымдарға 1 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды
Қызылорда облысындағы емдеу мекемелер медициналық қызметтердің көрсеткішін негізсіз көбейтіп, базаға жалған мәліметтер енгізген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жыл басынан бері 100 мыңнан астам заң бұзушылық анықтап, медициналық ұйымдарға жалпы сомасы 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салды.
Мәселен 21 денсаулық сақтау ұйымында кейбір емдеу процедуралары жүргізілмесе де, базаға қызмет көрсетілді деп жазылған. Осындай олқылықтар Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған көпсалалы аудандық ауруханаларында көптеп тіркелген. Сондай-ақ, заңбұзушылыққа барған үш емханаға да айыппұл салынды.
Рысбек Қойшыбаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚОФ бас сарапшысы:
1 млрд айыппұл салынуының негізгі бөлігі ол консультативті диагностикалық қызметттерді құрап отыр бүгінгі таңда. Жеке медициналық қызмет түрінде келген стомотологиялық қызмет түрлерін атап айтуға болады. Барлық 265 миллион ұсталған қаржының 80 пайызға жуығы ол стамотология болып отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады
15.10.2026, 17:27
Қызылорда өңірінде тоғанда балық өсіру кәсібі өркендеп келеді
15.10.2026, 17:22
Оқушылар банан қабығымен қан тоқтата алатындарын дәлелдеді
15.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында дәрігер тапшы
15.10.2026, 17:17
Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті
15.10.2026, 17:15
Су арналары есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған
15.10.2026, 17:14
Ыстанбұлдағы нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты
15.10.2026, 17:12
Ресейде бензин тапшылығы күшейді
15.10.2026, 17:10