Су арналары есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған
Кей өңірлердегі су арналары тұрғындарға есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері хабарлады. Қазір елде су тұтыну есебі цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр. Бұл бағытта Smart Turmys бірыңғай платформасы енгізіле бастады. Бірінші кезеңде 25 қаладағы 32 сумен жабдықтау кәсіпорны жүйені автоматтандыруға 54 миллиард теңгеге өтінім берген. Жеке тұрғын үйлердегі су шығынын есептегіштерге қатысты да өзгеріс бар. Жаңадан орнатылған құрылғылардың барлығы көрсеткіштерді автоматты жіберу функциясымен қамтылған болуы тиіс.
Нұрсұлтан Керемқұлов, ҚР ӨҚМ құрылыс және ТҮКШ істері комтеті төрағасының орынбасары:
Қазір халықтан да бізге көп өтініштер түсіп жатыр. Су арналары тексеру уақыты келгенін, бірақ су есептегіштің пайдалану мерзімі өтпесе де жаңа су есептегіш қойыңдар деген талап беріп жатыр деген. Алайда бұл қате. Себебі су есептегіштердің пайдалану мерзімі өтпесе, оны әрі қарай қолдануға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы