Басты Жаңалықтар Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті

Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген оқушы саны 51-ге жетті.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Бұған дейін ішек инфекциясының белгілерімен 48 оқушы шұғыл ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған-ек.  Артынша, тағы үш баланың уланғаны анықталды. Дәрігерлер қазір олардың жағдайы жақсы, денсайлығына ешқандай қауіп жоқ екенін айтып отыр. Барлығы мектеп интернатында тұратын балалар. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Мамандар, санитариялық тексеріс кезінде мектеп асханасындағы азық-түліктің дұрыс сақталмағанын растап отыр. Әзірге мектеп жұмысы уақытша тоқтатылған. Оқушылар 16 қазанға дейін онлайн форматта оқиды.

Бөлісу