Өндіріс орындарын қауіпсіздікке жауапты мекеме тексере алмайды
Өндіріс орындарын қауіпсіздікке жауапты мекеменің өзі тексере алмайды. Адам шығыны болып жатқаны да сондықтан. Ұлттық экономика министріне сауал жолдаған Мәжіліс депутаты осылай деді. Еділ Жаңбыршин бизнесті қолдаймыз деп біраз нәрсені бүлдіріп алдық деп ашынды. Заңды қиындатып, жұмысты ауырлатып жіберген жауапты орган өкілдеріне де шүйлікті.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аmanat» фракциясының мүшесі:
Кешегі Қарағандыдағы шахтадағы мәселелер. Бұл – бүкіл өндірістегі мәселе. Біз олардың барлығын қорғап, бизнесті дамытамыз деп оларды прокуратура органдары арқылы тексеруді реттеп қойдық. Қазір бірде-бірі, экологиялық қауіпсіздік болсын, өндірістік қауіпсіздік болсын кіре алмайды, олардың қолы байланған. Заңмен байлап қойып отырмыз. Оның арты адам өліміне әкеліп отыр.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе
28.04.2026, 21:45
Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
28.04.2026, 20:58
Бала қауіпсіздігі - басты назарда
28.04.2026, 20:55
Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
28.04.2026, 20:54
Qostanai tech ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
28.04.2026, 20:53
Бірлік түбі – береке
28.04.2026, 20:52
Зейнеткерлер ойын алаңын күтіп ұстап отыр
28.04.2026, 20:49
2 мың оқушы бір мезетте әртүрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 20:48