Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездесті

08.11.2023

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті. Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысы биыл елімізге ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін бергенін атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның осы ұйыммен мәдени және табиғи мұраларды қорғау саласында ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Одрэ Азуле Қазақстанға жасаған сапарын ерекше ықыласпен еске алып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларға жоғары баға берді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу