Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды

15.04.2015
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды.

Сапар барысында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде болып, ұйымның Бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

Тараптар ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Қазақстан басшылығының ұйымның әлеуетін кеңейтуге, оның ішінде бірқатар бағдарламаларды қаржыландыруға көрсетіп жатқан қолдауын, еліміздің ЮНЕСКО-ның қызметіне белсене қатысуын жоғары бағалады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу