Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қазіргі жағдайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қазіргі жағдайы талқыланды

28.04.2023

Бүгін Түркістан қаласына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин іс-сапармен келіп, Президент тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Ерлан Қарин алдымен мемлекеттік органдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге мәдени мұраның бүгінгі жай-күйімен танысып шықты. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия шеңберінде өткен Кеңесте Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің техникалық жағдайы талқыланды. Сондай-ақ ескерткішті сақтау және дамыту бойынша кешенді жоспардың орындалуы мен биылғы жылға арналағн жұмыстардың жобасы таныстырылды. Бұдан бөлек ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 45-сессиясына дайындық мәселелері сөз болды. Өз кезегінде Мемлекеттік кеңесші ескерткішті дұрыс сақтау басты міндет екенін атап өтті. Осыған орай мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен тығыз әрекет ете отырып, кесененің жағдайын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу