Биыл елімізде жұмыртқа мен құс етін өндіру көрсеткіші төмендеген
Биыл елімізде жұмыртқа мен құс етін өндіру көрсеткіші төмендеген. Бұған өнімінің осы түріне төленетін субсидияның алынып тасталуы себеп дейді мамандар. Дегенмен, отандық өндірушілер ішкі нарықты жұмыртқамен 100 пайыз, құс етімен 75 пайызға қамтып отыр. Яғни, тапшылық жоқ, бірақ тұтынушылардың сөзінше, бағасы қымбат.
Қостанай облысында 6 ірі құс фабрикасы бар. Олардың үшеуі жұмыртқа, қалған үшеуі құс етін өндіреді. Биыл жалпы облыста 4 млн-ға жуық жұмыртқа, 11 мың тонна ет өндірілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыртқа көлемі 11,6 пайызға, құс еті 16 пайызға азайыпты. Дегенмен мамандар осының өзі ішкі нарықты қамтуға жеткілікті деп отыр.
Раушан Хасенова, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Қостанай облысында барлығы 4 млн 600 мың құс бар. Жалпы біздің облыс ішкі нарықты жұмыртқамен толық, 100 пайыз қамтиды. Құс етімен 74 пайызға қамтыған.
Жалпы еліміз бойынша 68 құс шаруашылығы болса, соның 29-ы жұмыртқа өндіреді. Олардың қай-қайсында да биыл өнімділік көлемі төмендегені байқалды. Құс өсірушілер мұның себебін азықтан басқа түрлі өндіріске қажетті құрылғылар мен дәрі – дәрмектің бәрін сырттан тасимыз деп отыр. Ол аздай былтыр жұмыртқа өндіруге мемлекеттен төленетін субсидия да алынып тасталған.
Руслан Шәріпов, Құс өсірушілер одағының президенті:
Жалғыз жұмыртқа ғана емес, күркетауық, қаз-үйрекке төленетін субсидияны да алып тастады. Содан бері елдегі 2 күркетауық шаруашылығы тек жартылай ғана істеп тұр.
Салдарынан қаз-үйрек өсірушілер де азайған. Ал жұмыртқа жеткілікті болғанмен оның бағасы көпшіліктің көңілінен шыға бармейді. Құс өсірушілер жұмыртқаға төленетін субсидияны қайтаруды сұрап, Үкіметке ұсыныс жолдаған. Әзірге нақты шешім жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы сексуалдық қысым: Жасырын және жарияланбайтын мәселе
28.04.2026, 21:45
Қызға қол көтерген жігіт ұсталды
28.04.2026, 20:58
Бала қауіпсіздігі - басты назарда
28.04.2026, 20:55
Тұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
28.04.2026, 20:54
Qostanai tech ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
28.04.2026, 20:53
Бірлік түбі – береке
28.04.2026, 20:52
Зейнеткерлер ойын алаңын күтіп ұстап отыр
28.04.2026, 20:49
2 мың оқушы бір мезетте әртүрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 20:48