Қостанайлық диқандар субсидия үшін алаңдаулы
Ауа райының қолайсыздығынан онсыз да шығынға батқаны аздай, қостанайлық диқандар, енді субсидиядан қағыламыз ба деп алаңдайды. Себебі, олардың тұқым мен пестицидке шілдеде берген өтінімдері енді қаралып жатыр. Ал қазіргі ереже бойынша субсидия алуға өтінім бірінші желтоқсанға дейін ғана қабылданады. Яғни, бұған дейін тапсырылған құжаттан қате шығып кері қайтарылса, диқандар оны дұрыстап, қайта жіберуге үлгермейді. Сондықтан шаруалар өтінім қабылдауды 1 мамырға дейін ұзартуды сұрайды.
Светлана Михайленко, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының мүшесі:
Біз тұқым мен хиямиялық тыңайтқыштар үшін 160 млн теңгеге өтінім бердік. Алайда ол қашан қаралады, белгісіз. Желтоқсан айында тексеріп, қате тапса мемлекеттік қолдаусыз қаларымыз анық. Ал биылғы жыл өте қиын болды. Онсыз да сапасы нашар бидайды қайда сатарымызды білмей отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17