16,4 млн тонна астық жиналды
Биыл фермерлер үшін оңай болған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапарбеков Үкімет отырысында осылай деді.
Айя Мүтәлі, тілші:
Биыл шаруалар жауын-шашыннан көз ашпады десек те болады. Жазғы аптап ыстықтан кейін негізгі астық егетін өңірлерде 25 күндей тоқтаусыз нөсер жауын жауған. Оның жылдық мөлшері орташа нормадан 3 есе көп. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы астық көлемі 16 млн тоннаға жетеді. Оның 11 млн тоннадан астамы бидай өнімдері. Ал қалған 3 млн тонна өзге де астық дақылдары. Ауыл шаруашылығы министрілігі мұның барлығы биыл елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті дейді. Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін фермерлерге литріне 250 теңге бағамен 426 мың тонна дизель отыны бөлінген. Мұны облыстық операторлар айналысады. Ал субсидияны уақытылы ала алмаған шаруаларға да көмек көрсетіледі деді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Зардап шеккен фермерлердің қаржы институттарының желісі бойынша алынған кредиттерінің өтеу мерзімдерін жеке тәртіппен ұзартуды жүргізуде.
Бастапқы кезеңде 30,0 млрд. теңге мөлшерінде субсидиялар бойынша берешек өтеледі, Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды, ал қалған қарыздар жыл соңына дейін жабылады.
Айя Мүтәлі, тілші:
Жалпы егін жинау науқанына 150 мың трактор, 39 мың комбайн, 14 мың орақ және 140 мың басқа техника жұмылдырылған.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саясаттанушы: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 17:47
Әскер сапындағы сегіз қырлы сарбаздар
22.01.2026, 17:39
Екі мыңға жуық жазасын өтеуші жұмыспен қамтылды
22.01.2026, 17:38
Бозжыра шатқалында 4 инвестжоба жүзеге асырылуда
22.01.2026, 17:36
Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды
22.01.2026, 17:33
Бизнес саласы білімге инвестиция құя бастады
22.01.2026, 17:30
Астанада Оксфорд университетінің хабы ашылады
22.01.2026, 17:27
Ресейде ҚҚС өсіп, қымбатшылық жайлады
22.01.2026, 17:24