Алматыда халық әртістерінің қабірлері тоналды. Бұл туралы құзырлы органдарға танымал тұлғалардың ұрпағы хабарлаған. Ғазиза Жұбанова, Әзербайжан Мамбетовтың қабір ескерткіштеріне ұрлық жасалған. Полиция бөтеннің мүлкін ұрлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, соталды тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Жалпы бұған дейін алматылықтар марқұмды жерлеуге арналған телімдер қомақты қаржыға сатылады деп шағымданған болатын. Әлеуметтік желіде телімдердің бағасы 100 мың теңгеден басталып, миллион, миллион жарым теңгеге дейін жетеді деп көрскеткен. Алайда бұл уәжді зират әкімшілігінің мамандары жоққа шығарып отыр. Қара жамылған отбасынан қызмет құнынан басқа көк тиын алмаймыз, дейді. Қорым қызметкерлері кез келген Қазақстан азаматына Жер Кодексінің 109 бабының 3 тармағына сәйкес, жерлеу үшін орын тегін беріледі. Ал қосымша көрсетілетін қызметке тариф бекітілгенін жеткізді.
Марат Исмаилов, қалалық Салттық қызмет көрсету комбинаты директорының орынбасары:
Әрбір азаматқа Қазақстанда 6 метрге дейін жер тегін беріледі жерлеу үшін. Мұсылманша жерлеу бағасы 94 470 теңге болады. Қазу керек, одан кейін адамды төмен түсіру керек. Көму керек. Тағы қосымша жұмыстар болуы мүмкін.
Қуан Нұрақын