Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейсі ашылады. Оған 3 ұшақ тарту көзделген. «Ашық аспан» принципіне сай, құжаттар дайын. Қазір сертификаттау жүріп жатыр. Сонымен қатар, ЕуроОдақ елдеріне әуе қатынасы көбейеді. Бұл туралы Авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік семинар кезінде белгілі болды. Еуропалық азаматтық авиация конференциясы мұрындық болған шараға Франция, Ұлыбритания, Португалия, Украина, Әзербайжан, Грузия, Болгария, Испания, сонымен қатыр Орталық Азиядан халықаралық сарапшылар келді.
Олар әуежайды дрондардан қорғау мен қауіпсіздік саласы бойынша және лазерлік шабуылдарға жауап беру сияқты тақырыптарда әңгіме өрбітті. Тараптар көлденең келісім деп аталатын құжат дайындаған. Бұл ЕуроОдақ нарығына кіру үшін қойылатын заң талаптарын орындау үшін керек.
Карла Пинто, ECAC авиациялық қауіпсіздік форумының төрағасы:
Қауіпсіздік – бірінші орында. Еуропаға қатысты келісімдер сәтті жүзеге асса, екі арада жүк тасымалы артар еді. Біз Қазақстанның ең ірі инвесторымыз. Бұл бағыттағы байланысты нығайту үшін - бізге көбірек әуе рейстері керек. Сонда нарықта бәсеке артып, қызмет сапасы да жоғарылайды.
Жандос Темірғали