Израиль Газа секторын 27 күн әуеден шабуылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газа секторын 27 күн әуеден шабуылдады

02.11.2023

Израильдің Газа секторындағы шабуылы түні бойы және таңертең де жалғасты. Анклав аумағында жарылыстардан қою түтін шығып жатыр. Сектор 27 күн бойы Израильдің әуе шабуылынан көз ашқан жоқ. Соңғы мәліметтерге сай, одан 8796 палестиналық қаза тапқан. Марқұмдардың 3600-ден астамы - бала. Ал Хамас-тың қазанның 7-де жасаған шабуылынан Израильде 1400 адам қаза тапты. Қарулы топ 200-ден астам адамды кепілде ұстап отыр. Әлем елдерінде қантөгісті тоқтатуды талап еткен шерулер өтіп жатыр. Ал «BBC»-дің хабарлауынша, Израиль жетекшілігі Хамас-ты толық жоймайынша, соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу