Таяу Шығыс: Қақтығыс құрбандарының саны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыс: Қақтығыс құрбандарының саны өсті

10.10.2023

Бұл – Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс. Шабуыл жалғасып жатыр. Израиль Газа секторын әуеден атқылауды үдете түскен. Олар құрлықта операция бастауға дайындалып жатыр. Хамас Газаның бейбіт тұрғындарының үйлеріне ескертусіз оқ жаудырыла берсе, израильдік тұтқындарды өлтіретінін мәлімдеді. Қарулы топтың тұтқиылдан жасаған шабуылынан 900-дей израильдік қаза тапқан. Олардың арасында өзге елдердің азаматтары бар. АҚШ президенті Джо Байден 11 америкалық қаза тапқанын мәлімдеді. Хамас 150-ден астам адамды кепілге алған. Әлемнің бірқатар мемлекеттері Израильдегі азаматтарын елге қайтарып жатыр. Израильдің әуе шабуылдарынан Газа секторында 687 адам мерт болды. Жараланғандар саны 3 мың 700-ге жеткен. Әлем елдері тараптарды атысты тоқтатуға шақырды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған араағайындық танытуға дайын екенін мәлімдеді. Қақтығысты одан әрі өршітетін қадамдарға бармауды ескертті. Бұған қоса Түркия Газа секторына гуманитарлық көмек жібермек.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу