БҰҰ Хамас пен Израильге мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Хамас пен Израильге мәлімдеме жасады

16.10.2023

Таяу Шығыстағы жағдай әлі ушығып тұр. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш Хамас пен Израильге үндеу жасады. Кепілдегілерді алғышартсыз босатуға, ал Израильді Газа секторына гуманитарлық көмекті кедергісіз өткізуге шақырды. Бұған қоса, халықаралық ұйымның мәліметінше, Газадағы ауруханаларда тұрған генераторларға бір тәулікке ғана жететін отын қалды. Бұл мыңдаған науқастың өміріне қауіп төндіріп тұр. Газа тұрғындары Израильдің ескертуінен соң сектордан көшіп жатыр. Израиль әскерилері бұл жерді әуеден, құрлықтан және теңізден шабуылдамақ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыстағы бірнеше елмен келіссөз жүргізді. Мысыр президент Әбдел Фаттах ас-Сиси Израиль өзін-өзі қорғау шегінен шығып, Газа секторының 2 млн 300 мың тұрғынын ұжымдық жазалауға көшті деп мәлімдеді. Ал АҚШ Президенті Джо Байден Израильдің Газа секторын оккупациялауын қолдамайтынын айтты. Бұған қоса Палестина мемлекетін құру жолдарын іздеу қажет деп, Иран мен Хезболлаға қақтығысқа араласпау туралы ескертті.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу