Шетелдік қайраткерлер Республика күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік қайраткерлер Республика күнімен құттықтады

26.10.2023

Республика күні барша қазақ елі үшін басты мереке. Осыны терең ұғынған өзге мемлекеттердің зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен саясаткерлер осынау айтулы күн қазақ тарихы үшін маңызы зор мейрам екенін терең сезінетінін жеткізді.

Брайан Стиммлер, АҚШ мемлекеттік хатшының орталық азия бойынша көмекшісінің орынбасары:

«Бүгін өте керемет күн. Республика күні құтты болсын! АҚШ Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Біз соңғы отыз жыл өте тығыз байланыста жұмыс істедік. Экономика, энергетика, сауда, жалпы ауқымды салалар бойынша терең ынтымақтастық орнаттық. Сол үшін Қазақстанға ризашылық білдіреміз. Сондай ақ, Қазақстанның өңірдегі маңызды рөлі, аймақ елдерін «АҚШ -Орта Азия» форматына біріктіргені үшін рахмет айтамыз. Біз екі жақты және көп жақты байланыстарды одан әрі жандандыруға ынталымыз.»

Ресей

Олег Николаев, Чувашия Республикасының басшысы:

Қазақстан Чувашия үшін маңызды серіктестердің бірі, жыл сайын тауар айналымы артып келеді. Біз қазақ бауырларымызбен ешқашан байланысты үзген емеспіз. Мен барша қазақстандықтарды республика күнімен құттықтаймын. Әрине, мемлекеттің одан әрі қарқынды дамуын тілеймін. Біздің елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы жалғасқан достық қатынасымыз мәңгілік болсын. Қазақстан халқы, мемлекет әлі талай биік асуларды бағындырарына сенімдімін. Оған елдің әлеуеті жетеді.

Ташкент

Тұрдықұл Бутаяров, Орта Азия халықаралық институтының бөлім басшысы, дипломат:

Барша Қазақстан халқын Республика күні мерекесімен құттықтаймын. Мұндай атаулы күнде бауырлас елдің тұрғындарына ізгі тілегімді жеткізу мен үшін үлкен мәртебе. Ежелден тату көрші екі ел қатар дамып келе жатыр. Әсіресе экономикалық және сауда саттық бағытындағы байланыстар аса маңызды. Алдағы уақытта жүзеге асырар ауқымды істер мол. Оған потенциялымыз жетеді. Көршілес өзге елдер де тартылып, Қазақстан аймақтық интеграцияның қозғаушы локомотивіне айналарына сенімдімін.

Бельгия

Люк Девинь, Еуропалық сыртқы істер қызметінің Ресей, Шығыс серіктестік елдері, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары:

Барша қазақстандықтарды республика күні мерекесімен құттықтаймын. Еуропалық Одақ пен Қазақстанның қатынасы өте позитивті дамып келеді. Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында екіжақты ынтымақ білім, ғылым, сауда, денсаулық, барлығы 29 сала бойынша қарқынды дамуда. Қазақстан-біздің Орталық Азиядағы сенімді серіктесіміз. Елдеріңіздегі тың өзгерістерді қолдай отырып, біз Қазақстанмен қатынасымыздың онан әрі нығая беретініне кәміл сенімдіміз. Мереке құтты болсын!


Хабарламаларға жазылу