Саясаттанушы Франция президентінің ресми сапарына қатысты саяси болжамын айтты
Саясаттанушы Аман Мамбеталиев Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына қатысты бірқатар саяси болжамын жеткізді. Оның айтуынша екі ел арасындағы ықпалдастықты кеңейту әлеуеті өте жоғары, оны бірнеше бағыт бойынша қарастыруға болады, соның бірі - ядролық сала. Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, екі ел басшыларының кездесуінен кейін титан экспорты артуы мүмкін, ол металға Францияның ұшақ жасау саласында сұраныс жоғары. Әрі Қазақстан ірі титан жеткізуші елдердің бірі саналады. Маманның мәліметі бойынша, бұл салада қарым-қатынас дамитын болса, ол еліміздің өңдеуші өнеркәсібіне серпін береді.
Аман Мәмбетәлиев, саясаттанушы:
Тағы бір өте маңызды блок, ол энергетиканың ішіндегі жаңа АЭС салу мәселесі көтеріледі деп ойлаймын. Өйткені Франция ядролық мемлекет. Көп АЭС бар. Мемлекеттердің ішінде оны салу бойынша көш бастап тұр. Францияға да Қазақстан өте маңызды екенін айту қажет. Өйткені Орталық Азиядағы Францияның түгел саудасы сол 90 пайызы Қазақстанмен байланысты.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
5 отандасымыз жарыс жолына шықты
16.10.2026, 17:24
Жетім балаларға арналған пәтерлерді жалған құжатпен иемденбек болғандар ұсталды
16.10.2026, 17:22
«Кітап оқитын ұлт» жобасында БҚО студенттері белсенді
16.10.2026, 17:20
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталады
16.10.2026, 17:17
Түркі ғалымдары Алтын Орда мен Жошы Ұлысын бірге зерттейді
16.10.2026, 17:15
Ел жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 17:14
Қызылордада 168 отбасы баспаналы болды
16.10.2026, 17:12
Алматыда тағы 87 қонақүй салынады
16.10.2026, 17:10