Пәкістаннан 1,7 млн ауғандық еліне қайтарылады
Пәкістан үкіметі елде құжатсыз жүрген 1 миллион 700 мың ауғандыққа ертеңге дейін мемлекет аумағынан кетуге бұйрық берді. Ресми Исламабад бұл шешімін қазанның 4-де жариялады. Содан бері 60 мыңдай адам ғана Ауғанстанға оралған. Мұны «Талибан» өкілдері хабарлады.
Пәкістанда 4 миллиондай ауғандық босқын бар. Олар бұл мемлекетке 1979 жылы Кеңес одағы Ауғанстанға әскер кіргізгеннен кейін және 2021 жылы тәліптер Кабулдегі билікті басып алғаннан соң қашып барған. Исламабад ешқандай дәлел келтірместен биыл Пәкістанда ауғандық мигранттардың қатысуымен жарылыстар жиілеп кеткенін мәлімдеді. Оның үстіне, Пәкістанда инфляция шарықтап, миллиондаған босқынды асырау қиынға соғып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16