Қостанай облысында қаржы бөлінгенімен жол жөнделмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қаржы бөлінгенімен жол жөнделмеді

31.10.2023

Миллиондаған қаржы бөлінді, алайда жол жөнделмеді. Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Ахмет ауылына баратын 107 шақырым жолдың сапасы сын көтермейді. Жауын шашында ми батпаққа айналады. Былтыр соның 30 шақырымына асфальт төселген. Алайда биыл облыс басшылары асфальт салудан бас тартып, 50 шақырымға құм аралас қиыршық тас төгетін болды. Екі жылға есептелген жобаның құны 1 млдр 205 млн теңге. Биыл соның 712 млн теңгесі игеріліп, 30 шақырым жол тегістелуі тиіс еді. Бірақ сол жоспардың өзі жүзеге аспайтын сыңайы бар. Әлі бір метр де жол жөнделген жоқ. Себебі жазда жарияланған тендерге ешкім қатыспапты. Ал тендерді қазан айында ұтып алған қарағандылық мердігер сөзбұйдаға салып жұмысты әлі бастамай отыр.

Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:

Аржағынан бастап 4 шақырым грейдер көтеру керектұғын биыл олар. Сосын 15 шақырымдай жерді тегістеп тас төсеуі керек еді. Бірақ әлі бастаған жоқ. Олардың келісім шарт жасалған соң 30 күн уақыты бар. Сондықтан сотқа бере алмай отырмыз. Қарашаның басында уақыты бітсе, біз оларды сотқа береміз келісімді бұзу үшін.

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай облысы

Хабарламаларға жазылу