Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне өзге мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері келіп көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне өзге мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері келіп көңіл айтты

29.10.2023

Қаралы күнге орай Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне өзге мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері келіп көңіл айтып жатыр. Олардың қатарында Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі, АҚШ, Ресей, Беларусь, Үндістан мен Қырғызстанның және тағы да басқа бірнеше мемлекеттің елшілері бар. Олар Қазақстан елшілігінің ғимаратына арнайы қойылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды. «Көптеген адамның өліміне әкелген техникалық апатты күйзеліспен қабылдадық, қазақ халқының қайғысына ортақпыз», десті жиналғандар. Енді мұндай бақытсыз жағдай қайталанбасын деген тілегін жеткізді

Леонид Маринич, Беларусь Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қарағандыдағы шахтада болған қайғылы оқиға туралы естігенде қабырғамыз қайысты. Бірнеше ондаған адамның өмірі қиылған апат- бүкіл қазақ халқы үшін үлкен трагедия. Қаза тапқан азаматтардың туған- туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Ал жарақат алғандар тезірек сауығып кетсін деп тілеймін.


Хабарламаларға жазылу