Мысырда жол апатынан 32 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда жол апатынан 32 адам қаза тапты

29.10.2023

Мысырда ірі жол апатынан 32 адам мерт болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 63 адам жараланған. Оқиға Каир-Александрия тасжолында болған. Апат кезінде айналаны қалың тұман басқан. Каирге бет алған жолаушылар автобусы жол шетінде тоқтап тұрған көлікке барып соғылған. Жүйткіп келе жатқан өзге де көліктер автобуспен соқтығысады. Машиналардың кейбірі лезде өртке оранған.

«Al Jazeera» телеарнасының хабарлауынша, бас-аяғы 29 көлік апатқа ұшырады. Бұдан бір күн бұрын Мысырдың метеорология агенттігі өңірде қалың тұман болатынын ескерткен екен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ


әлем мысыр көлік апаты

Хабарламаларға жазылу