Президент Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды
Жетісуда жұмыс сапарымен жүрген мемлекет басшысы Талдықорған драма театрына барып, Қазақ ССР Халық әртісі Бикен Римованың бюстіне гүл шоғын қойды.
Театр ғимаратын аралап, актерлердің спектакльге дайындығын тамашалады. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты. Мемлекет басшысының айтуынша өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Бұл еліміздің болашағы үшін, жас ұрпаққа дұрыс жол көрсету үшін қажет деді президент. Әрі жастар тәрбиесі мен аймақтың келешегі туралы ойын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ең алдымен, жастарымызға көңіл бөлуіміз керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Қай жерге барсам да, үнемі айтып жүрмін. Жастарымызды көзі ашық, көкірегі ояу, адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Бұл – ел дамуының маңызды бір бағыты. Ал енді облыстың дамуына келер болсақ, өңірдің әлеуеті зор. Даму қарқыны жақсы, әлі де түйткілді мәселелер бар. Мен облыстың жағдайын жақсы білемін. Әкіммен бұл мәселе жөнінде сөйлестік.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05