Анкарада ұлттық нақыштағы ерекше көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада ұлттық нақыштағы ерекше көрме өтті

26.10.2023

Республика күніне орай Түркия астанасы Анкара қаласында ұлттық нақыштағы ерекше көрме өтті. Қазақы ою-өрнектер мен әдемі кескіндер жібектің үстіне ыстық балауызбен сурет салу әдісімен дайындалған. Өнер туындыларының авторы Кәмила Жапарова осындай батик тәсілімен сурет салатын санаулы шебердің бірі. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Көк Ту» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырған көрмеге келген түркиялықтар бұл туындыларға жоғары баға берді. Шара аясында сондай-ақ, өнерпаздың суреттерімен өрнектеліп тігілген сәнді ұлттық киімдер мен орамалдардың көрсетілімі болды. Келген қонақтарға ұлттық әндеріміз шырқалған шағын концерт те ұсынылды.

Кәмила Жапарова, суретші:

Бұл өнер деген классика. Бүкіл дүниежүзіне қазақтың дәстүрін таныстырамын, таныстыра беремін. Бұл батик өнері 7 -8 ғасырларда ерте кезде Индонезия, Қытай, Жапон елдерінде дамыған. Одан Ресейге, Еуропаға өтеді. Еуропада мен осы өнерді қазақы нақышта ұлттық код ретінде салып жүрмін.

Хале:

Мен Анкарада тұрамын. Өзім де бос уақытымда жібекке сурет салумен айналысамын. Осындай көрме болатынын естіп, Кәмила ханыммен танысу үшін арнайы келдім. Көрмеден ерекше әсер алдым. Ою-өрнектеріміздің ұқсас екендігін аңғардым.

Айдос Әшімұлы

түркия

Хабарламаларға жазылу