«Польша және Түрік әлемі» атты халықаралық конференция жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Польша және Түрік әлемі» атты халықаралық конференция жұмысын бастады

24.10.2023

Еуропаның Варшава қаласында «Польша және Түрік әлемі» атты халықаралық конференция жұмысын бастады.

Жиынға Әзербайжан, Қазақстанның Польшадағы елшілері және Варшава университетінің шығыстану, түркітану факультетінің профессорлары қатысты. Халықаралық конферецияға Қазақстаннан қазіргі саясат институтының қызметкерлері арнайы делегациямен келген. Әсіресе, «YMAI» (Ямай) халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупаның мәлімдемесі Еуропа тарихшыларын елең еткізді. Қазақстандық зерттеуші: Жошы ұлысы дәуіріндегі «Болған ана» кесенесі қазбаларынан алынған көне шапанды зерттеу мен сақтау технологиясын айтып берді.

Сондай-ақ, жиын қатысушылары қазақстандық суретші Заринаның қазақы ою өрнекті бейнелеген картиналарымен танысты

Сергей Коновалов, социология докторы, доцент:

«Польша және Түрік әлемі» атты халықаралық конференциясына қазақстандық делегация биыл алғаш рет қатысып отыр. Біздің құрам Еуропа зерттеушілеріне Қазақстанның көне мәдениетін таныстырып, тамаша кері байланыс орнаттық. Польша Қазақстанды Түркі әлемінің алтын бесігі деп таниды, өз кезегінде біз Польшаны - Еуропаға апаратын көпір деп білеміз. Мұндай шара біздің мәдени әрі тарихи байланысызды арттыра түсері сөзсіз.


Хабарламаларға жазылу