Балқашта сабын цехы іске қосылды
Балқаш қаласында сабын шығаратын шағын кәсіпорын іске қосылды. Шикізатқа қоспасыз табиғи таза өнімді пайдаланады. Малдың майын жақын маңдағы шаруалардан сатып алады. Жас кәсіпкер Ержан Жандығұл бизнесін бастамас бұрын Алматыда арнайы білім алып, сабын жасау технологиясын үйренген. Кейін 3 миллион теңгеге қондырғы сатып алған. Өнімді «Балқаш» деп атап, туған қаласының атын брендке айналдырған кәсіпкер, қазір тұрғындарды отандық тауармен қамтып отыр.
Ержан Жандығұл, кәсіпкер:
Бір күнге мұның шығаратын қуаттылығы негізі 4 мың сабынға дейін шығарады. Біз қазір 1,5-2 мың көлемінде шығарып отырмыз. Тұтынушылар бар. Қазір үйреніп алып жатыр. Біз қазір сапаға жұмыс жасап жатырмыз. Алдағы жоспар осыны дұрыстап дамыту. Екіншіден, осы кір сабынның сұйық түрі бар, соны иіс сабын шығаруды қолға алмақ мақсатымыз бар.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09