Көк туымыз Грекияда желбіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көк туымыз Грекияда желбіреді

20.10.2023

Қазақтың туы Грекияда желбіреді. Афинаның ең биік нүктесі-Ликавитос тауына көк туымыз ілінді. Бұл - еліміздің Грекиядағы елшілігі мен Қазақстан-Грекия іскерлік кеңесінің Республика күніне тартуы. Афинаны қоршап тұрған жеті төбенің ішіндегі ең биік Ликавитос шыңынан Грекия астанасының ең көркем және кең панорамасы ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орналасқан Қазақстан туын ерекше қызығушылықпен тамашалауда. Гректер үшін қасиетті саналатын жерде жалауымыздың көтерілуі қос ел достығының дәлелі.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу