Қазақтың көк байрағы Украинада насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың көк байрағы Украинада насихатталды

17.12.2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орай Украина астанасы Киевте көк Туымыз кең көлемде насихатталды. Қаланың көрнекті жерлерінде Мемлекеттік байрағымыз бейнеленген 80 билборд ілінді. Киевтен Аида Әбіл хабарлайды.

Аида Әбіл, тілші:

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ұйымдастырған шара аясында Мемлекеттік Туымыз Киевте кең көлемде насихатталып жатыр. Ресми статиcтикаға сай, 3 млн адам тұрып жатқан ірі мегаполис – Киевте оның көрнекті көшелерінде байрағымыз бейнелеген 80 билборд ілінді. Бұл көрініс Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің мерейін тасытып, бір қуантып тастады.

Данияр Егамбердиев, Украинадағы қазақ диаспорасының төрағасы:

Біз, Украина қазақтары, елімізді егемендігімен құттықтаймыз. Мерейтойға орай, Киевте біздің көк Ту ілініп жатыр. Біз үшін бұл үлкен қуаныш, мереке құтты болсын!

Аида Әбіл, тілші:

Ресми ақпаратқа сай Украинада алпыс мың қазақ тұрып жатыр.

Аида Әбіл


Қазақ көк байрақ Украина

Хабарламаларға жазылу