Грекияда Қазақстанның көк Туы көтерілді
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Грекия астанасы Афинада Қазақстанның Туын көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Шараға Грекияның Сыртқы істер министрі мен депутаттар қатысып, қазақ елімен барлық салада ынтымақты арттыруға ниетті екендерін жеткізді. Қазір Қазақстанда 10 мың грек, ал Грекияда біздің елде туып-өсіп, 90-жылдары тарихи отанына оралған 80 мыңға жуық байырғы қандасымыз тұрып жатыр. Олар екі ел арасындағы достықты күшейтуге өз үлестерін қосуда. Қазақтың көк байрағын көтеру рәсімінде де қазақ-грек өнерпаздары көпшілікке ән мен күйден шашу шашты.
Георгиос Патулис, Грекияның Аттика өңірінің губернаторы:
Қос елдің достығы берік. Біз Қазақстанның аймақтарымен аймақаралық ынтымақтастықты арттырғымыз келеді. Осыған сенім арта отырып, қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Елдеріңіз дами берсін, бейбітшілік пен ынтымақ үстемдік етсін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды
13.05.2026, 13:24
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 13:21
Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
13.05.2026, 13:18
Үржар әуежайы жаңғыртылады
13.05.2026, 13:15
Премьер-министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
13.05.2026, 13:12
Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
13.05.2026, 13:09
Алаяқтардың ЖИ-мен жасаған аудиожазбасын әшкерелеуге болады
13.05.2026, 13:06
Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
13.05.2026, 13:03