Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды

05.07.2020

Жұма күні Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монумент ашылды. Салтанатты шараға президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-режимде қатысты. Ашылу рәсімінде мемлекет басшысы: Қазақстанның негізін қалаған, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырған – Нұрсұлтан Назарбаев деп айтты.  Жыл сайын астана күні қарсаңында еліміздің көк байрағын көтеру рәсімі сән-салтанатымен өтетін. Оған президент өзі барып қатысуы керек еді. Алайда пандемияға байланысты биыл бұл шара шағын құрамда, әрі жылдам өтті. Жас офицерлерге шен мен атақ тапсыру рәсімі де болмады. Екі минутқа созылған іс-шарада мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қалмұханбет Қасымов ту көтеруге пәрмен беріп, ән-ұран ойналды. Елдегі ең үлкен туымыз көкте желбіреді.

Хабарламаларға жазылу