Көк тудың желбірегені... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көк тудың желбірегені...

27.11.2016
Ел Егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында көгілдір жалауымызды мемлекеттік органдардың төбесінен ғана емес, көшеден де жиі ұшырататын болдық.
Шет мемлекеттерде де күні мен қыраны, қазақтың оюы өрнектелген көгілдір туымыз жиі желбіреп жүр. Әдетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзге елге ресми сапармен барғанда әнұранымыз шырқалып, көгілдір туымыз көзге оттай басылады.
Ал, көк туға ерекше құрметпен қарайтын Алмас Ахметбекұлы «Көк тудың желбірегені...» әнінің сөзін 1993 жылы жазды. Бұл - Қытайдан Атамекенге қайтып келе жатып, шекара төбесіндегі қазақ туын көргендегі тебіреністен туған туынды.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу