Азаматтық форум пленарлық сессиямен басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық форум пленарлық сессиямен басталды

19.10.2023

Бүгін Азаматтық форум пленарлық сессиямен басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға үндеу жолдап, олардың жұмысына оң бағасын берді. Мемлекет басшысының құттықтауын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жеткізді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Үкіметтік емес ұйымдар және қайырымдылық қорлары, белсенді азаматтар мен еріктілер ел тағдырына бей-жай қарамай, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге барынша атсалысып жүр. Мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенемін.
Бүгін Азаматтық форумда марапат жауған күн болды. Дәл осы қайырымдылық төсбелгісі 100 адамға табысталды. Ал мына мүсінше 12 үкіметтік емес ұйымға бұйырды. Бұл «Таңдау» республикалық премиясының мүсіншесі. 600 адамның басын қосқан, екі күнге жалғасқан шара үздіктерді марапаттаумен қорытындыланды.

Әсел Тукиева, «Келешек-будущее» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

Абай облысы, Жарма ауданының Шалабай ауылынан келіп отырмын. Бүгінгі Азаматтық форумда ұйымым екі номинацияны жеңіп отыр. Бұл премия қайырымдылық саласында, таңдау премиясы. Өзіміздің жобаларды жалғастырып, азаматтық қоғамымызды дамытуға тырысып, жұмысымызды атқарамыз.


Мадина Саутбекова, «Аzamatsha KZ» қайырымдылық қоғамдық қорының жетекшісі:

Республикалық форумға Алматы облысы Қарасай ауданынан келдім. Бүгін ерекше бақыттымын. Еңбегімді жоғары бағалады. Қайырымдылық төсбелгісімен марапатталдым. 4 мыңнан астам анаға болысып келемін. Яғни, біз оларды оқытамыз. Жұмысқа орналастыруға көмектесеміз.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу