«Болашақтың энергиясы» манифесі қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақтың энергиясы» манифесі қабылданады

04.09.2017

Астанада «Болашақтың энергиясы» форумының 12-ші отырысы басталды. Халықаралық сарапшылар мен Нобель сыйлығының иегерлері, саясаткерлер осыған дейінгі жиындарда қаралған ұсыныстар мен шешімдерді талқылайды. 

Сондай-ақ, бүгін-ертең форум қатысушылары 5 тақырыпта пленарлық сессия өткізіп, «Болашақ энергиясы» отырысының манифесін әзірлейді. Бұл көлемді құжатта баламалы энергия көздерін тиімді дамыту мен енгізу және тәжірибе алмасу бағытындағы ақпараттар қамтылады. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу