Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды

22.11.2021
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды

Бүгін «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» тақырыбымен Қазақстанның X Азаматтық форумы басталды. Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева ашты. Министр өз сөзінде X Азаматтық форумның жұмысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қорытындысына арналған маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Азаматтық форум - қолданбалы идеялар мен бастамалар туындайтын, министрлер мен әкімдер азаматтық белсенділермен тең дәрежеде бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыратын, жекелеген әлеуметтік проблемаларды шешуге мемлекет ҮЕҰ-ды тартатын нақты жұмыс процесі», - деді министр.

Айта кетейік, X Азаматтық форум жұмысына тұңғыш рет Қазақстанның ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Фридрих Эберт қоры, ЮНЕСКО, ЮСАИД сияқты халықаралық серіктестері қатысуда. Форум 22-26 қараша аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5 күн бойы онлайн және оффлайн форматында өтеді.


Аида Балаева X Азаматтық форумы Азаматтық форум

Хабарламаларға жазылу