Астанада VIII Азаматтық форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада VIII Азаматтық форум басталды

27.11.2018

Бүгін Елордада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбындағы VIII Азаматтық форум басталды. Онда үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес-секторларының өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оны шешу бойынша ортақ тәсілдерді құруды қарастыруда.

Әсима Нұрбайқызы, тілші:

Форумға елдің әр өңірінен келген 850-ден астам делегат қатысып жатыр. Олар сан-саланың түйткілді мәселелерін талқылауда. Елімізде қазынадан бөлінетін мемлекеттік қаржының жұмсалу барысы толық ашық емес. Дәл осы мәселе форумда талқылануда.

Ашық сұхбат алаңына айналған шара екі күнге жалғасады. Айта кетейік, маңызды форум елімізде екі жылда бір рет өткізіледі. Әзірге мендегі ақпарат осы.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу