Қазақстан дінтанушыларының V форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дінтанушыларының V форумы басталды

29.10.2015
Қазақстан дінтанушыларының V форумы  басталды
Қазақстан дінтанушыларының V форумы  басталды

Бүгін Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы басталды. Басқосуға мемлекеттік органдар өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, дінтану саласында білім алып жүрген студенттер мен магистранттар, оқытушылар қатысып жатыр.

«Зайырлы мемлекет және жоғары руханият- болашағы біртұтас ұлт тұғырнамасы» деген тақырыпта өтетін форумды Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті ұйымдастырып отыр. Жиында дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дінтану мәселесіне қатысты білім беруді жетілдіру және өзге де тақырыптар талқыланады. Форум пленарлық жиыннан басталып, үш секциялық отырыспен жалғасады.

kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу