Таяу Шығыста жағдай әлі тұрақталған жоқ
Таяу Шығыста жағдай әлі тұрақталған жоқ. Израиль әскерилері соңғы тәулікте Газа секторындағы Хамасқа тиесілі жүздеген нысанға соққы бергенін мәлімдеді. Ал Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы босқындар лагерінде палестиналықтар мен израильдіктер арасында атыс жүріп жатыр. Мұны «BBC» хабарлады. Мысыр болса, өз аумағы арқылы Газа секторына көмек кіргізуге келісті. Палестиналық анклавқа гуманитарлық жүк тиелген 20 шақты көлік жұма күні кіруі мүмкін. Хамас пен Израиль арасындағы соғыс 7 қазанда басталды. Содан бері Израильдің блокадасына алынған Газада жүздеген мың адам азық-түлікке, ауыз-суға, отын мен дәрі-дәрмекке зәру болып отыр. Әлемнің бірқатар елінде Палестинаны қолдайтын ауқымды шерулер өтіп жатыр.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06