IV Азия ойындарына 131 қазақстандық параспортшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV Азия ойындарына 131 қазақстандық параспортшы қатысады

18.10.2023

IV Азия Пара ойындарына еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорттан бақ сынайды. Сондай-ақ, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау, пара таеквондо, пара садақ ату, пара үстел теннисі, академиялық есу және пара оқ ату жарыстарында жүлдеге таласады. Байрақты бәсеке қазанның 22-сі мен 28-і аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы жиналған. Олар спорттың 22 түрінен жалпы саны 564 медаль жиынтығын өзара сарапқа салады.

Сәрсен Құранбек, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

Біз 14 спорт түрінен қатысатын боламыз. Жалпы, Қазақстанның құрамасы 131 спортшыны құрайды. Оның ішінде 93 ер адам, 38 әйел адам қатысатын болады.

Қаракөз Кенжебекова


Хабарламаларға жазылу