Таиланд ханшайымы ат спортынан Азия ойындарына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд ханшайымы ат спортынан Азия ойындарына қатысады

17.09.2014
Таиланд ханшайымы ат спортынан Азия ойындарына қатысады

Таиланд королінің қызы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін ат спортынан Азия ойындарына қатысады.

Ханшайым Сириваннари Наританаудың бұған дейін де  Азия ойындарына сынға түсті. Бірақ, спорттың басқа түрінен бақ сынады. Ол  2006 жылы бадминтоншылар құрамасының сапында болды.

Сириваннари Наританау ат спортынан соңғы рет өткен жылы Оңтүстік-шығыс Азия ойындарына қатысты. Сол кезде командалық жарыста 10-шы орынға ие болды.

Инчхонда басталатын доданың алдында ханшайым нағыз бабында екенін мәлімдеді. «Мен Оңтүстік-шығыс Азия ойындары аяқталғаннан сәттен бастап жаттығуды бар ынтамен жүргіздім», - дейді ол.

Наритана бір жыл бұрынғыдай Сүйкімді ханзада есімді тұлпармен жарысқа қатысады.

Айта кетейік, Инхчон Азия ойындарын 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында қабылдайды.

Фото: zimbio.com

Хабарламаларға жазылу