Азия пара ойындары: 10 медаль қоржынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия пара ойындары: 10 медаль қоржынға түсті

26.10.2023

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы 10 медальді еншіледі. 25 қазан күнгі қорытындыға сәйкес, спортшыларымыз 4 күміс, 6 қола медальді жеңіп алды.

Дзюдодан Зарина Раифова, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов, ал паратаэквондодан Нышан Өмірәлі күміс медальді қанжығалады. Нұрлан Домбаев, Ғалымжан Смағұлұлы,Әлишер Гариполлаев, Ерлан Қонкиев, Талғат Әжғалиев - Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ қазақстандық команда пара жүзуден үшінші орынға тұрақтады.

Еске салсақ, IV Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық, ал Қазақстанның Ұлттық құрамасы атынан 131 спортшы қатысып жатыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу