Ресейде еңбек мигранттары арасында қылмыс көбейген
Ресейде еңбек мигранттары арасында қылмыс көбейген. Шетелден келген жұмысшылар былтырғыға қарағанда 32 пайызға көп заң бұзған.
Индира Бегайдар, тілші:
Осы жылдың қаңтар-шілде айларында еңбек мигранттарының тарапынан жасалған қылмыс саны 11 мыңға жеткен. Қозғалған қылмыстық істердің басым бөлігі денсаулыққа қасақана зиян келтіру, ұрлық, заңсыз есірткі айналымына қатысты. Сондықтан елде шетелдік жұмысшыларға қойылатын талаптарды қатаңдату ұсынылды.
Вадим Коженов, сарапшы:
Мигранттарды есепке тұрғызу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жалпы елде миграциялық саясатты реттеу керек деп ойлаймын. Өйткені мигранттардан бас тарта алмаймыз. Елімізде демографиялық мәселелер бірнеше жылда шешілмейтіні түсінікті. Бүгінгі күні барлық салада жұмысшы жетпей жатыр.
Жыл сайын Ресейге 10 млнға жуық еңбек мигранты келетін. Олардың басым бөлігі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары. Инфляцияға байланысты екі миллионға жуық шетелдік еңбек жұмысшысы елден кеткен. Жаңа заңға сәйкес, Ресейге келетін барлық шетелдік жұмысшылар геномдық тіркеуден өтуі тиіс.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06