Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьерімен кездесті
Президент ресми сапары аясында Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен де кездесті. Олар Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жай-күйі және оны дамыту перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен достық, тату көршілік қарым-қатынасты және жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға қашанда ерекше мән беретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан ҚХР-дың сенімді стратегиялық серіктесі әрі тату көршісі болып келді және келешекте де солай қала береді. Бүгінде қазақ-қытай қатынасы қарқынды дамып жатыр. Бұған жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог, сондай-ақ екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмысы ықпал етуде.
Ли Цян, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері:
Сіздің Төраға Си Цзиньпинмен кездесуіңіздің қорытындысы бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Олар мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың жаңа «алтын 30 жылдығы» кезеңіне бағыт-бағдар береді.
Парламентаралық қатынастарға оң баға берілді
Бұдан соң Мемлекет басшысы Бүкіл-қытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнағанын айта келе, Үкіметтер мен парламенттер деңгейінде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық қатынасының жоспарлы түрде нығаюын оң бағалады.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00